16 наурыз 2023 09:25

Қазақстан қалаларында қанша "Сергек" орнатылған?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігі Қазақстан қалаларында қанша "Сергек" камерасы орнатылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрлігі Қазақстан қалаларында қанша "Сергек" камерасы орнатылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір еліміздің тоғыз қаласында "Сергек" жобасы жүзеге асырылған.

"Қазіргі уақытта "Сергек" жобасы еліміздің тоғыз қаласында: Астана, Алматы, Өскемен, Атырау, Шымкент, Түркістан, Тараз, Семей және Ақтауда жүзеге асырылып жатыр, мұнда 34 мыңнан аса камера орнатылған", - деді ІІМ өкілдері.

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, "Сергек" бейнебақылау камераларын орнату негізінен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) жобалары аясында жүзеге асырылған. "Сергек" жүйесінің жұмыс қабілеттілігін, техникалық қызмет көрсетуін және қолдауын "Көркем Телеком" ЖШС қызметкерлері қамтамасыз етеді.

"МЖӘ келісімі бойынша, жергілікті атқарушы органдардан пайдалану және ұстауға ақша бөлінеді. Астанада бұл жүйе алғаш рет 2017 жылы енгізіліп, ең жоғары технологиялық жобалардың біріне айналды. Алматы қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілердің тәртібін арттыру мақсатында 2021 жылы МЖӘ жобасы аясында әкімдікпен орнатылған 5034 "Сергек" камерасы бар. Сонымен қатар, қазіргі уақытта "Сергектің" қосымша 2944 камерасын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр, оларды қосу 2023 жылдың 2-тоқсанына жоспарланған", - деп қорытындылады ІІМ баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети