Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақстан келешекте жетімдер үйінен түгел арылмақшы

21 Сәуір 2014, 17:05
0
©РИА Новости
©РИА Новости

Қазақстанда балалар үйлерінен арылу мақсаты қойылып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, келешекте жетім балалардың бәрі отбасында тәрбиеленуі керек. "Аталған заң жобасының ("ҚР балалар құқықтарын қорғау жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы") басты міндеті - ең соңында Қазақстанда балалар үйлерінен, сәбилер үйлерінен, жасөспірімдер үйлерінен біржола арылу, түрлі себеппен пәлеге тап болып, қандай да бір уақыт аралығында ата-ана қамқорлығынсыз қалған барлық бала отбасылардың тәрбиесіне берілуі керек", - деді Дариға Назарбаева "ҚР балалар құқықтары мәселелері жөніндегі заңнамаларын жетілдірудің қазіргі заманғы аспектілері" атты дөңгелек үстел барысында.

Депутаттың айтуынша, заң жобасы аясында бала асырап алушыларды, әлеуетті патронат отбасыларды, қамқоршыларды ынталандыру шаралары ұсынылады. "Балалардың отбасыларға алынуына, олардың балалардың өмір сүруіне мейлінше қолайлы жағдай жасауына салықтық, материалдық ынталандыру болуы тиіс. Балалар ересек адам болып, қоғамның толыққанды мүшесіне айналуы керек. Осындай міндет қойылып отыр", - деді депутат.

Назарбаеваның пікірінше, бүгінде елімізде әлеуметтік жетімдік белең алып барады. "Мемлекеттік қамқорлығына ресми түрде алынған жетім балалардың 80%-ы - тірі жетімдер, яғни ата-анасы бар балалар. Олар тұрмысы нашар шаңырақтардан. Бұл мәселе жылдан жылға етек алып келеді және мұқият ден қоюды талап етеді", - деді Назарбаева.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай