27 шілде 2022 17:06

Қазақстан коронавирусқа қарсы шетел вакциналарынан бас тартуы мүмкін

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау вице-министрі - бас санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстан коронавирусқа қарсы шетел вакциналарынан бас тартып, отандық QazVac-қа ауысуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау вице-министрі - бас санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстан коронавирусқа қарсы шетел вакциналарынан бас тартып, отандық QazVac-қа ауысуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Pfizer тек жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге ғана сатып алынады. Қазір Sinopharm мен QazVac негізгі санат үшін пайдаланылады, ал болашақта тек QazVac қолданылуы мүмкін, өйткені біздің зауыт қажеттілікті өтей алады.

"Спутника V" бойынша, бүгінде қолымызда бар вакцина көлемі Қазақстан қажеттілігін өтеуге жетеді. Сондықтан бізге (жаңа топтамаға тапсырыс беру - еск.) "Спутник" қажет емес", - деді Есмағамбетова журналистер сұрағына жауап беріп.

Журналистер қазақстандықтар үшін Johnson & Johnson компаниясы вакциналары, ақылы болса да, қашан қолжетімді болатынын сұрады.

"Денсаулық сақтау министрлігі ретінде халықтың көп мөлшердегі вакцинаға қолжеткізуіне және таңдауы болуына мүдделіміз. Бірақ бұл бізге тәуелді емесін түсіну керек. Moderna және Pfizer-мен жеке келіссөз жүргіздім. Өкінішке қарай, бүгінде барлық жеткізуші вакцинаны ақылы нарыққа шығаруға үзілді-кесілді қарсы. Тіпті дистрибьютор таптық, бірақ оларда әлемде пандемия болып тұрған кезде коронавирусқа қарсы вакциналарды жеткізу тек мемлекетпен жасалған шарт негізінде және тек мемлекет үшін ғана жүретіні туралы нақты ереже бар", - деді Есмағамбетова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети