19 маусым 2021 12:49

Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинасын Украинаға жеткізуге дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың Украинаның жоғарғы лауазымды тұлғаларымен бірқатар кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Украинадағы елшілігіне сілтеме жасап. 


Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың Украинаның жоғарғы лауазымды тұлғаларымен бірқатар кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Украинадағы елшілігіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, Украинаның премьер-министрі Денис Шмыгальмен сұхбат барысында екі жақты ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымы талқыланды. Тараптар сауда мен кооперациялық ынтымақтастықтың өзара іс-қимылын одан әрі дамыту үшін көптеген ортақ жол бар екенін атап өтті. Бұған Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен қазақстан-украина мемлекетаралық комиссиясының 14-отырысының қорытындылары дәлелдейді. Өз кезегінде, Комиссия отырысының нәтижесінде қол қойылған Хаттама, іс жүзінде, бірлескен іс-қимылдардың егжей-тегжейлі "жол картасы" болып табылады.

Тараптар қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, үкіметаралық және ведомствоаралық байланыстардың динамикасын жүйелі негізде қолдап тұруға келісті. "Біздің үкіметтер арасындағы тығыз өзара іс-қимыл екі елдің экономикалық көрсеткіштерінің одан әрі өсуіне оң әсерін тигізетініне сенімдімін", - деп пайымдады Денис Шмыгаль.

Украинаның вице-премьер-министрі - Цифрлық трансформация министрі Михаил Федоровпен цифрландыру және IТ қызметтерін ұсыну саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Федоров Қазақстанның халыққа және бизнеске мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында цифрлық технологияларды енгізу саласындағы жетістіктерін жоғары бағалады. Украиналық ІТ-мамандардың жоғары құзыреттілігін ескере отырып, сұхбаттасушылармен осы саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың елеулі әлеуеті атап өтілді.

Украинаның вице-премьер-министрі перспективалық жобаларды түбегейлі пысықтау және мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта көрсету бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстанға шақыруды қабылдай отырып, "Бір-бірімізбен бөлісетін айтарлықтай тәжірибеміз бар", - деп атап өтті.

Сұлтанов коронавирус пандемиясына қарсы күрестің алдағы шараларын талқылау мақсатында Украинаның денсаулық сақтау министрі Виктор Ляжкомен де келіссөздер жүргізді.

"Екі мемлекет арасындағы тұрақты әуе қатынастарының қалпына келуін және елдер азаматтарының іскерлік белсенділігінің ұлғайғанын ескере отырып, тараптар COVID-19-ға қарсы вакцинация паспортын/сертификатын өзара тану мәселелерін пысықтауға келісті. Қазақстан тарапыөзінің QazVac вакцинасын әзірлеп, өндіре бастағаны туралы хабарлады. Бұл ретте, оны Украинаға жеткізуге, қажет болған жағдайда гуманитарлық көмек ретінде беруге де дайындығын растады", - делінген хабарламада.

Қазақстандық министр коронавирустың таралуының алғашқы күндерінен бастап Қазақстан арқылы транзитпен Қытайдан Украинаға гуманитарлық көмек жеткізуде тараптар тиімді ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети