07 сәуір 2014 16:07

Қазақстан күрішпен және ұнмен толықтай өзін қамтамасыз ете алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото wikimedia.org сайтынан алынды Фото wikimedia.org сайтынан алынды

Қазақстан өзін толықтай ұнмен және күрішпен қамтамасыз ете алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан өзін толықтай ұнмен және күрішпен қамтамасыз ете алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Азық-түліктің негізгі түрлерімен қамтамасыз етудің сараптамасы көрсеткендей, 2011-2013 жылдары барлық негізгі азық-түлік түрлері бойынша ішкі тұтынудағы отандық өндірістің үлесі 80 пайызды құрап отыр. Соның ішінде, өңделген күріш, ас қызылшасы, бидай ұны, нан секілді азық-түліктің ішкі тұтынудағы отандық үлесі 100 пайыздан асады", - делінген хабарламада.

Ал сиыр, шошқа, қой және жылқы еттерімен қамтамасыз ету 90 пайыз. Жалпы 2011-2013 жылдары азық-түлікті өндіру жағымды динамикаға ие: өндіріс көлемі 2013 жылы 973 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 4,2 пайыздан жоғары.

Бұған қоса, ішкі тұтынудағы кейбір тауарлардың отандық өндірісі төмен деңгейде. Бұл – алма, жеміс-көкөніс дақылдары, құс еті, шұжық өнімдері, сары май, ірімшікпен сүзбе, балық. Осы салаларды өндіру мемлекеттік реттеу және қолдау шараларын қолданар кезде басыңқы бағыт ретінде анықталды.

Бұған қоса, агроөнеркәсіп кешенінің бәскелестігін жоғарлату және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығының басқа да басыңқы салаларына көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, 2013 жылы қабылданған «Агробизнес 2020» бағдарламасы шеңберінде АӨК негізгі салаларын дамытудың 15 шебер-жоспары жүзеге асуда. Шикізат бағасы қымбатшылығын шешу аясында қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарын субсидиялаудың жаңа механизмі қарастырылуда: 2020 жылға дейін ірімшікпен сары май өндірісі үшін шикізатты сатып алуға 42 млрд теңге субсидия қарастырылып отыр; қант өндірісі үшін (қант қызылшасынан) – шамамен 10 млрд теңге бөлінеді.

2020 жылға дейін 5 ет комбинатының құрылысы, 135 сүт өңдеу кәсіпорындарының, 56 ет өңдеу кәсіпорындарының, 5 бағбан және көкөніс өңдеу бойынша кәсіпорын, 7 қант зауыты, 7 макарон өңдеу кәсіпорны және 35 жарма өңдеу бойынша кәсіпорындарының реконструкциясы мен модернизациялауын субсидиялау жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Сенат депутаты Қожахмет Баймаханов ұн мен күріштің импортына ызаланған болатын. "Тауарлар бойынша импорттың үлесі 50 пайызға жоғары, күрішті айтуға болады. Қызылорда облысында күріш өте көп. Ол екі Қазақстанға жетеді", - деді өткенде Қ.Баймаханов. Сонымен бірге халық қалаулысының сөзінше, Қытайдың, Ресейдің және Түріктің күріштері республиканың сөрелерінде самсап тұр екен.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети