15 қыркүйек 2020 16:39

Қазақстан-Қырғызстан арасындағы әуе рейсі ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әуе рейсі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.


Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әуе рейсі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

"Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 3 қыркүйектегі шешіміне сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) картасына сәйкес 2020 жылғы 20 қыркүйектен бастап Қырғызстанға халықаралық рейстер қайта жаңартылады.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рейстер "Эйр Астана" әуе компаниясымен Алматы – Бішкек бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілікпен жүзеге асырылады (сейсенбі, жексенбі)", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, рейстердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды (термометрия, әлеуметтік дистанция, маска режимі және т.б.) қатаң сақтайтыны айтылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети