24 қазан 2017 15:43

Қазақстан Қырғызстаннан 100 миллион доллар көмектен бас тартқаны туралы хат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© esquire.kz © esquire.kz

​Қырғызстанға 100 миллион доллар бөлу туралы Қазақстанмен келісімнің күшін жою рәсімдері басталғанына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


​Қырғызстанға 100 миллион доллар бөлу туралы Қазақстанмен келісімнің күшін жою рәсімдері басталғанына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"23 қазанда Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі 2016 жылғы 26 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімнің және оның тиісті хаттамаларының күштерін жою рәсімдерін бастағаны жөнінде Қазақстан тарапына ресми хабарлады", - делінген түсіндірмеде.

Сондай-ақ, Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу шеңберінде Қазақстан тарапы Қырғыз үкіметіне өздері алған міндеттемелерді орындауға қажетті техникалық жәрдемді көрсетуге үнемі дайын болғаны айтылады.

"Қол қойылған құжаттар уақытылы ратификациядан өтті және бұл жәрдемнің бірінші траншын ағымдағы жылғы қараша айында жіберу жоспарланған еді. Аталған қаражатты бұдан ерте мерзімде бөлуге болар еді, алайда қырғыз тарапының қажетті құжаттар мен тиісті сметаларды ұсыну үдерісі созылып кеткенін атап өткен жөн", - дейді СІМ өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети