29 наурыз 2021 09:52

Қазақстан "қызыл" аймаққа жақындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа жақындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ВАК-қа сілтеме жасап.


Қазақстан коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа жақындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ВАК-қа сілтеме жасап.

29 наурызда жарияланған эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы Қазақстан "сары" мен "қызыл" аймақтардың шекарасында екенін көрсетті. Оның жанында бірнеше күннен бері Қарағанды ​​облысы тұр.

Матрица мәліметтері бойынша, 29 наурызда Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары әлі де "қызыл" аймақта.

"Сары" аймақта - Ақтөбе, Алматы мен Қарағанды облыстары.

Қалған өңірлер - "жасыл" аймақта. 

Еске салайық, Қазақстанда кейінгі тәулікте 1492 адамнан COVID-19 анықталған болатын.

"Бұл үшінші толқын деп ойлаймын" - Сағынтаев

Бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өңірде блокбекеттер қойылмайтынын мәлімдеген еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети