28 қыркүйек 2018 09:22

Қазақстан ІІМ генералының әйелі америкалықтың айыптауларына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысы ІІД басшысы Амантай Әубәкіровке қатысты даудың мән-жайы анықталды. Генералдың әйелі КТК телеарнасына берген сұхбатында оқиға жайлы айтты. 


Павлодар облысы ІІД басшысы Амантай Әубәкіровке қатысты даудың мән-жайы анықталды. Генералдың әйелі КТК телеарнасына берген сұхбатында оқиға жайлы айтты. 

"2017 жылға дейін біз табыс дегенді ұмыттық. Ли мырза әр нәрсені сылтауратып, кірістен гөрі шығыс көп деп айтып жүрді. Сосын ең басты құрылтайшымыз Америкадан ұшып келіп, бизнестің есеп-қисабын қарады. Жағамды ұстадым. Ол қыруар қаражатты туысқандарына аударғанын анықтадық. Көп ақшаны қалтасына басқанын білдік. Еріксіз сотқа жүгіндік. Бұл бизнеске күйеуімнің еш қатысы жоқ.

Александр Лимен соттасып жүрген құрылтайшылар бизнесті ары қарай дөңгелету үшін тағы бір компания ашыпты. Ол генерал-майор Амантай Әубәкіровтің қызына тиесілі. Сотта АҚШ азаматының былығын әшкерелесек, мейрамхананың жұмысы ары қарай жалғаса береді дейді олар.

Алайда бизнесті бөлісе алмаған кәсіпкерлер дауы әлі ұзаққа созылатын түрі бар. Айта кетейік, рейдерлік тартып алу жөнінде үндеу жолдап, елді дүрліктірген Александр Ли полиция бастығының сыныптасы, әрі жақын досы болған.


Александр Ли мен Джеффри Соколин. © ktk.kz

Айта кетейік, 23 қыркүйекте YouTube желісінде "Генерал МВД РК ограбил американца" атауымен ролик жарияланған. Онда Павлодар облыстық ІІД басшысы генерал-майор Амантай Әубәкіров "АҚШ азаматына тиесілі компания мен мейрамхананы рейдерлік жолмен тартып алды" делінеді.

"Мен - АҚШ азаматы Александр Ли. 2014 жылы Қазақстанға бизнес ашу үшін келдім, инвестиция құйып, жергілікті тұрғындарға жұмыс орындарын ашқым келді. Алматыда тұңғыш испан мейрамханасын ашып, алкоголь импорты мен көтерме саудасымен айналысатын компания аштым.

2017 жылы Павлодар облысының ІІД басшысы, Қазақстан ІІМ министрінің бұрынғы орынбасары Амантай Әубәкіров рейдерлік басып алу жолымен бизнесімді тартып алды. Оның қызы мен күйеу баласы компаниямның материалдық құнды заттарын иемденіп алды, ал әйелі алкоголь импортымен және көтермен саудасымен айналысатын компаниямды өз бақылауына алды. Олардың заңсыз әрекетінен келген шығын 69 миллион теңгеден асады", - деп мәлімдейді видеода Александр Ли.

Кейін Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері АҚШ азаматының Павлодар облыстық ІІД басшысы Амантай Әубәкіровті рейдерлік жасады деп айыптауына қатысты пікір білдірген болатын. 


© pavlodar.gov.kz

23 қыркүйекте Қазақстан ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев Tengrinews.kz тілшісіне АҚШ азаматының видеоүндеуіне қатысты пікір білдірді.

"ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті АҚШ азаматы А.В.Лидің Павлодар облыстық ІІД басшысы А.А.Әубәкіровтің заңсыз әрекеті туралы арызы бойынша тексеріс жүргізіп, оның барысында Әубәкіров пен оның отбасының Алматыда бизнесті рейдерлік жолмен тартып алды деген айыптаулар расталмады.

2012 жылы үш азамат, оның ішінде Ли мен А.А.Әубәкіровтің әйелі С.С.Әубәкірова бірігіп ЖШС құрған. Біраз уақыт өткеннен кейін Ли құрылтайшыларға ескертпей ЖШС үлесінің 50 пайызын келісімшарт негізінде үшінші тұлғаға сый ретінде құжатқа қол қойған. Осыдан кейін құрылтайшылар арасында дау туған, дау әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. 

2017 жылдың 1 желтоқсанында құрылтайшылар Лиге ЖШС ғимаратының жалға алу мерзімі аяқталғанын ескертіп, онымен әрі қарай әріптестікті тоқтату туралы айтқан. Өз кезегінде Ли полицияға арызданып, оларды ЖШС мүлкін рейдерлік жолмен тартып алды деп айыптаған, осы істің соталды тергеуі қазіргі уақытта азаматтық шағымдар бойынша сот шешімін шығару үшін тоқтатылған.

Сонымен қатар, С.Әубәкірова Лиді өз мойнына алған міндеттемелерді орындамауға байланысты алаяқтық әрекет жасады деп прокуратураға шағымданды, соталды тергеудің мерзімі де азаматтық даудың шешімін шығару үшін тоқтатылған. Екі қылмыстық іс те бақылауда, Лидің тарапынан түскен шағымды да прокуратура тексерді, тергеу органдарының тарапынан қылмыстық-процестік заңнаманы бұзу дерегі анықталмады", - делінген ІІМ ресми өкілінің жауабында. 

Амантай Әубәкіров 1963 жылы 27 ақпанда Алматыда туған. Қазақстан ІІМ еңбек сіңірген қызметкері. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған. Мамандығы: заңгер. Полиция генерал-майоры.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети