30 сәуір 2021 16:18

Қазақстан мәдениеті өкілдері өңірлік және жаһандық деңгейде өз орнын ойып алды - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Recording Academy/GRAMMYs/видеодан алынған Фото: Recording Academy/GRAMMYs/видеодан алынған

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет қазақстандық креативті индустрия дамуына қолдау көрсететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет қазақстандық креативті индустрия дамуына қолдау көрсететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Ұлтымыздың бойында креативті индустрияны дамытудың аса зор мүмкіндігі бар. Дәл қазір креативті экономика миллиардтаған доллар инвестиция тарту, тұрақты экономикалық өсу, әлеуметтік өркендеудің бірден-бір жолы. Қазақстан мәдениеті өкілдері өңірлік және жаһандық деңгейде өз орындарын ойып тұрып алып жатыр. Біз осы мүмкіндікті еліміздің мәдениетін әлемге танытудың жолы ретінде қарастыруымыз керек. Сондықтан мен Үкіметке осы стратегиялық маңызды саланы қолдау үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырдым", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, креативті индустрияны дамытудың тиімді бір тәсілі ретінде заманауи қазақстандық айдентиканы қалыптастыру қажет.

Президент жоба қатысушыларының идеясы мен ұсыныстарын іске асыру үшін оларды орталық мемлекеттік орган басшыларымен жүйелі түрде кездестіріп тұру қажет деп санайды.

"Жүз жаңа есім" жобасы қазақстандық арманның анық іске асқанын көрсетеді. Әрбір талантты, еңбекқор, мақсатшыл адам осы заманның батыры және ұлт мақтанышы бола алады. Сіздер сияқты табысты азаматтар неғұрлым көп болса, еліміздің бәсекеге қабілеті соғұрлым арта түседі.  Халқымыздың мерейі де үстем болады. "Жүз жаңа есім" жобасының мақсаты да - осы. Қазіргі заман - білім мен ғылымның дәуірі. Санасы сергек, ойы ұшқыр жастарды ел үшін аянбай еңбек етуге шақырамын. Бұл сіздердің қолдарыңыздан келеді. Мен Қазақ елінің жастарына сенемін!" - деді Мемлекет басшысы.

Онлайн форматта өткен "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы жеңімпаздарының кездесуінде ерікті-студент Дарын Әбілжанов, ғалым, адамдар мен жануарларға вакцина әзірлеуші Қайсар Табынов, ІТ-маман, робот техникасы мектебінің негізін қалаушы Дамир Нүркежанов, химия пәнінің жас оқытушысы Ұлан Үсенов, сызу пәнінің мұғалімі, өз ауылында көпір салу бастамасын көтерген Ахат Рақышев, инженер-өнертапқыш Санжар Тайжан, АҚШ-тың хоккей клубына бас бапкер болған тұңғыш қазақстандық қыз Бұлбұл Қартанбай, эколог Екатерина Вибе, сондай-ақ, ақын, әлем әдебиетін қазақ тіліне аударып жүрген Серікжан Қажытай сөз сөйледі.

Сондай-ақ, Тоқаев Grammy иегері, қазақстандық Иманбек Зейкеновтің жетістігі туралы пікір білдірді. Ол туралы мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети