30 сәуір 2021 16:01

Тоқаев Imanbek туралы ойын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеем жасап. 


Мемлекет басшысы "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеем жасап. 

"Қазақтың қандай халық екенін жер жүзіне танытып жүрген бірнеше азамат осы жобаның жеңімпазы атанды. Біз түрлі салада жетістікке жеткен осындай отандастарымыздың еңбегін дәріптеуіміз керек. Өйткені табысты жандардың тәжірибесі әрдайым басқаларға үлгі-өнеге. Өскелең ұрпақ өздеріңізге қарап бой түзейді, ұқсауға тырысады. Мен еліміздің әрбір перзенті сіздер сияқты өнегелі болсын деп тілеймін", - деді Президент.

Осы уақытқа дейін "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасына 7,5 мың адам қатысып, еліміз талай талантты, талапты қазақстандықтардың атын таныды.

"Осы жобаның арқасында өзінің ерекше емдеу тәсілімен көптеген адамға перзент сүю бақытын сыйлаған дәрігер-репродуктолог Айдос Ибрагимовты бүкіл еліміз таныды. Жобаның 2019 жылғы қатысушысы Иманбек Зейкенов жақында ғана Grammy сыйлығын жеңіп алып, оның аты бүкіл әлемге жайылды. Оның жетістігі тек Қазақстан үшін ғана емес, ТМД үшін де теңдесіз. Жобаның төртінші маусым жеңімпаздарының жетістіктері де ешкімді бей-жай қалдырмайды", - деді Мемлекет басшысы.

Онлайн форматта өткен "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы жеңімпаздарының кездесуінде ерікті-студент Дарын Әбілжанов, ғалым, адамдар мен жануарларға вакцина әзірлеуші Қайсар Табынов, ІТ-маман, робот техникасы мектебінің негізін қалаушы Дамир Нүркежанов, химия пәнінің жас оқытушысы Ұлан Үсенов, сызу пәнінің мұғалімі, өз ауылында көпір салу бастамасын көтерген Ахат Рақышев, инженер-өнертапқыш Санжар Тайжан, АҚШ-тың хоккей клубына бас бапкер болған тұңғыш қазақстандық қыз Бұлбұл Қартанбай, эколог Екатерина Вибе, сондай-ақ, ақын, әлем әдебиетін қазақ тіліне аударып жүрген Серікжан Қажытай сөз сөйледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети