31 наурыз 2016 14:40

Қазақстан мектептерінде, ЖОО-ларда және балабақшаларда смартфонға тыйым салына ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Білім және ғылым министрлігі оқу мекемелерінде смартфон пайдалануға тыйым салу мәселесін қарастырмайды. Tengrinews.kz тілшісінің сауалына жолдаған ресми жауабында ҚР БҒМ өкілдері смартфон пайдалануға мемлекеттік қызметкерлерге ғана тыйым салынғанын айтады.

"ҚР "Ақпараттандыру туралы" Заңының 55-бабына сәйкес, электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қатысты жұмыс орындарында смартфон пайдалануға қойылған шектеудің тек мемлекеттік қызметкерлерге қатысы бар", - деді мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева.

Бұған дейін Екібастұз балабақшаларында ата-аналарға мекемеге смартфон әкелуге тыйым салынғаны туралы ақпарат тараған еді. ҚР БҒМ мәліметінше, жергілікті білім беру басқармасы мектепке дейінгі мекемелерде смартфон пайдалануға тыйым салмаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети