1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстан мен оның қалалары 36 жылда қалай өзгерді? Ғарыштан көрініс 16 сәуір 2021, 17:45

Google Earth қызметі 1984 жылдан 2020-ға дейін жердің қалай өзгергенін көруге мүмкіндік беретін жаңа функцияны ұсынды. Осы "уақыт машинасының"
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Google Earth қызметі 1984 жылдан 2020-ға дейін жердің қалай өзгергенін көруге мүмкіндік беретін жаңа функцияны ұсынды. Осы "уақыт машинасының" көмегімен климат өзгеруінің салдарын байқауға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онда планетамыздың миллиондаған спутниктік суреті жиналған. Арнайы уақыт кестесін қолдана отырып, Timelapse қосылады, ол жердің әр жылдағы географиясын көрсетеді.

Бұл қызмет арқылы 36 жыл ішінде кесілген орман, еріген мұздықтар көлемі мен кеуіп жатқан Арал теңізін де көруге болады.

Осы функцияның көмегімен Қазақстан қалаларының қалай өзгергенін де көруге болады. Мысалы, Нұр-Сұлтандағы сол жағалаудың соңғы 20 жылдағы өзгерісі ерекше көзге түседі. 

Ал мынау Каспий теңізінің жағалауында орналасқан Ақтау. Суретке мұқият қараса, қаланың маңында орналасқан "Қошқар-Ата" қалдық қоймасының айтарлықтай ұсақталғаны байқалады.

Өскемен де елорда сияқты соңғы жылдары сол жағалауда кеңейіп келеді. 

1984 және 2020 жылдардағы Шымкент осындай. Республикалық маңызы бар қаланың шекарасы мен тұрғылықты аймақтары едәуір кеңейген.

Ал тау етегінде орналасқан Алматы ғарыштан ерекше әдемі көрінеді.

Google Earth қызметінің веб-сайтында қалаңыздың соңғы 36 жылда қалай өзгергенін көру үшін "Зерттеу" бөліміндегі Timelapse функциясын таңдау керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!