24 мамыр 2017 09:47

Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынау арзандайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын пойыздарға билеттер арзандайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын пойыздарға билеттер арзандайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында билетті сатып алу мерзіміне қарай Қазақстан мен Өзбекстан арасында тікелей қатынайтын және Өзбекстаннан Ресейге Қазақстан арқылы жүретін пойыздарға  жеңілдіктер енгізілетінін хабарлайды", - делінген хабарламада. 

Баспасөз өкілдерінің айтуынша, бұл жеңілідіктер 2017 жылдың 27 мамыры мен 28 желтоқсанына дейін   төмендегідей көлемде қарастырылған;

Купе және СВ вагондар үшін:
Пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулік бұрын сатып алса 45 пайыз жеңілдік.
Пойыздың жүруінен 30 тәуліктен 6 тәулікке дейін  сатып алса 35 пайыз жеңілдік.

Плацкарт вагондар үшін:
Пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулік бұрын сатып алса 35 пайыз жеңілдік.
Пойыздың жүруінен 30 тәуліктен 6 тәулікке дейін сатып алса 25 пайыз жеңілдік.

Бұл жеңілдіктер бір мемлекет ішіндегі маршруттарда және бір топ жолаушы бірге билет алған жағдайда қолданылмайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети