21 қараша 2020 17:28

Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абдулла Арипов пен Асқар Мамин © primeminister.kz Абдулла Арипов пен Асқар Мамин © primeminister.kz

Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов Түркістан қаласында кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов Түркістан қаласында кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Үкімет басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, су-энергетика, көлік-логистикалық, кедендік ынтымақтастық, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация мен өңіраралық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. ҚР мен ӨР арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету жөніндегі практикалық шаралар жоспарын іске асыру, аймақтық тауар өткізу жүйесін, Қазақстан - Өзбекстан шекарасында Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру, шекара маңы өткізу бекеттерін жаңғырту және тағы басқа мәселелерге ерекше назар аударылды.

Өзбекстан - Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда серіктесі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 21,2 пайызға 4,5 миллиард долларға дейін өсті. Тараптар тауар айналымын 10 миллиард долларға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Үкімет басшылары Түркістан қаласында тоқыма бұйымдарын өндіретін Turkistan Textilе қазақстандық-өзбек бірлескен кәсіпорнының ашылу рәсіміне қатысты. Тігін фабрикасы Turkistan индустриялық аймағында 2 гектар аумақта орналасқан. Инвестиция көлемі - 700 миллион теңге. Өндірістің жобалық қуаты - айына 13 мың тоқыма бұйымдары. Кәсіпорын әйелдер үшін, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Асқар Мамин Абдулла Ариповты Түркістан қаласының әлеуметтік, спорт, көлік және туристік инфрақұрылымының жаңа нысандарымен - халықаралық әуежай, конгресс-холл, "Ұлы Дала Елі" орталығы, "Түркістан Арена" стадионы, Оқушылар сарайы, Rixos Turkestan қонақ үйімен, сондай-ақ "Керуен-сарай" көпфункционалды туристік кешенінің және 5 мың орындық мешіттің салыну барысымен таныстырды.

Үкімет басшылары Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне, "Әзірет-Сұлтан" мәдени-тарихи музейіне барып, Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети