02 қазан 2016 11:09

Қазақстан мен Өзбекстан шекара демаркациясын жасауға дайындалып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

26-30 қыркүйекте Алматыда өзбекстандық-қазақстандық демаркациялық біріккен комиссиясының екі тараптың үкіметтік делегацияларының қатысуымен отырыс өтті. Бұл туралы Өзбекстан СІМ сайтында хабарланды. 


26-30 қыркүйекте Алматыда өзбекстандық-қазақстандық демаркациялық біріккен комиссиясының екі тараптың үкіметтік делегацияларының қатысуымен отырыс өтті. Бұл туралы Өзбекстан СІМ сайтында хабарланды. 

"Кездесуде сарапшылар деңгейінде деморкация жөніндегі қорытынды құжаттар қарауға және мақұлдауға ұсынылды, бұл құжаттар өзбекстандық-қазақстандық мемлекеттік шекарасының демаркациясы бойынша Келісімшарттың жобасына қыстырылады. Келіссөздер іскерлік жағдайда өтті, достастық және өзара түсінісу жағдайында өтті", - делінген хабарламада. 

Podrobno.uz өзбек порталында мұның биыл болып өткен екінші кездесу екені айтылады. Біріншісі Алматыда 18-27 ақпанда өткен. 

Басылымның мәліметінше, Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекара демаркация (демаркация - шекараны анықтау, белгілі бір бөліп тұратын белгі орнату - Авт.) процессінің 2003 жылы басталғаны, ал шекара бағандарын орнату жұмыстары 2001 жылдың сәуірінде басталыпты.  

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасының жалпы ұзындығы 2 150 шақырым. 

"Қазақстан СІМ мәліметінше, қазақстандық тараптың шекара бағандарын орнату бойынша жұмыстары аяқталған. Шекара сызығы 1565 негізгі және аралық шекара бағандарымен белгіленген, олардың 776-сын қазақстандық тарап орнатқан. 2002 жылдың 9 қыркүйегінде Өзбекстан мен Қазақстан президенттері біріккен шекараны анықтап қойған келісімшартқа қол қойған. Құжат 2003 жылдың 5 қыркүйегінде күшіне енген", - деп хабарлайды портал.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети