06 сәуір 2022 14:52

Қазақстан мен Ресей "Байқоңыр" бойынша келіссөз жүргізеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ресеймен "Байқоңыр" ғарыш айлағын жалға беру шартын жасасудағы жағдай туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ресеймен "Байқоңыр" ғарыш айлағын жалға беру шартын жасасудағы жағдай туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цифрлық даму министрлігінің басшысы бірқатар мәселелер бойынша, атап айтқанда, қазақстандық ғарыш айлағын жалға алу бойынша ресейлік тараппен келіссөз сәуір айының ортасына жоспарланғанын айтты.

"Кеше Рогозин мырза өзінің жоспарлары өзгермегенін айтты ("Байқоңырды" жалға алу бойынша. - Ескерт.). Олар Қазақстанмен барлық жоспарланған ғарыш бағдарламалары жұмыс істеп, дамытылатынын мәлімдеді. Біз ресейлік әріптестермен келіссөз жүргіземіз, өйткені уақыт орнында тұрмайтыны түсінікті. Бізде 15-20 сәуірде бірқатар мәселелер бойынша, оның ішінде алдағы жылдарға арналған перспективалық жобалар бойынша келіссөздер жоспарланған", - деді Мусин Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, Ресей ғарыш айлағын жалға алғаны үшін жылына 100 миллион доллардан астам ақша төлейді. Келісім 2050 жылға дейін бекітілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети