20 қыркүйек 2023 15:32

Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы қақтығыс туралы фейк авторы ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/polisia_kostanay Фото: instagram.com/polisia_kostanay

Полицейлер Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы қақтығыс туралы жалған видео авторын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.


Полицейлер Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы қақтығыс туралы жалған видео авторын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Әлеуметтік желіде Қостанай облысының шекарасында әскерилер арасында болған қақтығысқа қатысты пікір жазылған әскери көлік колоннасының видеосы тарап кетті. Видео жалған болып шықты.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай облысының ПД қызметкерлері Қостанай қаласының 52 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол қасақана әрекет жасағаны үшін кінәсін мойындады", - деді полициядағылар.

Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы "Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша соталды тергеу басталды.

Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті еске алып, азаматтарды ақпаратты таратпастан бұрын оның дұрыстығын тексеруге шақырды.

Еске сала кетейік, тарап жатқан видеода әскери киімдегі адамдар мен әскери техника көрсетілген. Кадр сыртындағы дауыс қақтығыс Қостанай облысында басталып, қазір техника сонда тартылып жатқанын айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети