05 маусым 2014 19:46

Қазақстан мен Түркия білім саласындағы ынтымақтастықты арттырмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдуллаһ Гүл. Фото cntv.cn сайтынан алынды Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдуллаһ Гүл. Фото cntv.cn сайтынан алынды

"Қазақстан мен Түркия білім саласындағы ынтымақтастықты арттырмақ. Бұл туралы Бодрум қаласындағы кездесу барысында екі елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдуллаһ Гүл өзара келісті" - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


"Қазақстан мен Түркия білім саласындағы ынтымақтастықты арттырмақ. Бұл туралы Бодрум қаласындағы кездесу барысында екі елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдуллаһ Гүл өзара келісті" - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Екі ел басшылары алдағы уақытта мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды, оның ішінде білім саласын дамытуға баса назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жастар қатарының артқанын және оның ынтымақтастыққа оң серпін беріп отырғанын айтты" - делінген хабарламада.

Кездесу барысында екі ел басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін нығайтудың негізгі бағыттарын талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге де тоқталды.

Назарбаев пен Гүл бірлескен "Жаңа синергия" экономикалық бағдарламасы шеңберінде әрекеттестіктің бірқатар бағыттары бойынша ынтымақтастықты кеңейту аспектілерін қарастырды. Қазақстан Президенті "Түркия біздің елдің негізгі экономикалық серіктесерінің бірі" - деп атап өтті.

Естеріңізге салсақ, Назарбаев Бодрумға түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесінің төртінші саммитіне қатысу үшін барған болатын.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети