25 мамыр 2015 12:12

Қазақстан Непалға 200 мың доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

ҚР Үкіметінің қорынан 200 мың доллар көлемінде Непалда болған жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бүгін Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері бойынша комиссияның отырысын өткізді.

"Зілзаладан зардап шеккен Непалдағы қалыптасқан төтенше жағдайды ескере отырып, Комиссия Қазақстан Үкіметіне осы елге 200 000 АҚШ доллары көлемінде ресми гуманитарлық көмек көрсетуді ұсынды. Бұл қаражат ҚР Үкіметінің төтенше резервінен бөлінуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Комиссия сонымен бірге, ҚР Үкіметіне Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетуді ұсыну туралы шешім қабылдады. Бұл елге өсімдік майы, жылы киім-кешек, төсек орындар, шатырлар, төсек-орын жабдықтары, ыдыс-аяқ жеткізіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети