Қазақстан полициясы митингіге шақыру деректерін анықтау үшін Интернет-кеңістікті бақылауға алды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ІІМ өкілдері заңға қайшы мәлімет тарату деректерін анықтау үшін Интернет-кеңістікті бақылауға алғанын мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің сауалына берген жауабында Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев айтты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ өкілдері заңға қайшы мәлімет тарату деректерін анықтау үшін Интернет-кеңістікті бақылауға алғанын мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің сауалына берген жауабында Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев айтты.

"21 мамырда митинг өткізу туралы өтініштерге байланысты өңірлерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді ме?" деген сұраққа ведомство өкілдері құқық қорғау органдарының өңірлердегі тұрақтылықты сақтауға, сонымен қатар елде қажетті тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға әрдайым шаралар жүргізетінін айтып, жауап қатты.

"Өз құзырының аясында заңға қайшы мәліметтердің әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде таратуға, оның ішінде әлеуметтік, ұлттық және басқа да араздық туғызуға қарсы шаралар кешені жүзеге асырылу үстінде. Интернет-кеңістігінде заңға қайшы мәліметті анықтау мақсатында жиі бақылау жүргізіліп отырады, әрбір дерек бойынша шара жүргізіледі. Заңсыз акцияларға қатысуға шақыру туралы мәліметті таратқандар да заңға сәйкес жауапқа тартылады немесе олармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі", - деп хабарлады Сәдубаев.

"Ішкі істер министрлігі қазіргі заңның нормаларында рұқсат етілмеген акцияларды ұйымдастырушыларды, сонымен қатар, әлеуметтік, ұлттық және басқа да араздықты қоздыратын мәліметті таратқандарды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуды қарастыратынын ескертеді", - деді ол.

Сәдубаевтың айтуынша, "бүгінде елімізде заңсыз әдіс болмаса бейбіт жиындар өткізуге және өз қалауы мен пікірін білдіруге жағдай жасалған. Мәселен, ҚР Конституциясының 32-бабына сәйкес азаматтар бейбіт әрі қарусыз жиналып, жиын, митинг, шеру, тосқауылдарға тұруға хақылы". 

"Бұл құқықты пайдалану мемлекеттiк қауiпсiздiк, қоғамдық тәртiп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделерi үшiн заңмен шектелуi мүмкiн. Осы заңның нормасы бойынша бейбіт акцияларды өткізудің жалғыз шарты - алдын ала жергілікті атқарушы билігінің рұқсатын алу. Бұл рұқсаттың өзі қоғамдық орындарда жиын мен митинг өткізуге ғана талап етіледі, ал жабық орындарда ешқандай да шектеулер мен талаптар жоқ. Заңнама арқылы бекітілген тәртіп қоғамдық тәртіпті, азаматтарды қандай да бір қастандықтан сақтауды қамтамасыз ету үшін қажет, сонымен қатар бақыланбаған акциялардың нәтижесінде пайда болуы мүмкін жаппай заңбұзушылықтардың алдын алу үшін қажет", - деді ол.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде әр өңірде белсенділердің ұсталып жатқаны жайлы мәліметтер тарау үстінде.

Осыған дейін Алматы прокуроры қала әкімінің жер мәселесі бойынша 21 мамырда акцияларды өткізу туралы берілген өтініштерді қарастырып, оған тыйым салғанын хабарлап, рұқсат етілмеген шеруге шығудың заңға қайшы екенін ескерткен болатын. 

Кейін Ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымов бейбіт митингке қатысты қауіпсіздік шараларының күшейтілуі туралы сұраққа жауап берген еді. "Біз барлық шараны қадағалап отырмыз. Менің ойымша, митинг өткізуге негіз болатын барлық сұрақтар шешілді. Мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр. Митинг өткізудің қажеттілігі жоқ", - деген болатын Қасымов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.38  course up  590.98  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer