Қазақстан Президенті Финляндия басшысымен кездесті

09 Маусым 2015, 21:21
4
Қазақстан Президенті Финляндия басшысымен кездесті - Саули Ниинистё мен Нұрсұлтан Назарбаев. ©Akorda.kz
Саули Ниинистё мен Нұрсұлтан Назарбаев. ©Akorda.kz

Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысуға келген Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар негізгі мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты. Елбасы Финляндия Президентіне Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алдағы V съезіне қатысатыны үшін алғыс айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ мемлекетаралық қарым-қатынастардың табысты дамып келе жатқанына назар аударып, Финляндия Президентінің елімізге 2013 жылғы сапары экономика мен басымдығы бар өзге де салалардағы ынтымақтастықтың жандана түсуіне септігін тигізгенін атап өтті. Саули Ниинистё Мемлекет басшысына шақыруы үшін алғыс айта отырып, екіжақты байланысты нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай