15 наурыз 2021 17:30

Қазақстан Президентінің ресми сайты жаңарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми Аkorda.kz сайты жаңарды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми Аkorda.kz сайты жаңарды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

Ресми сайттың дизайны мен құрылымы жаңартылып, әсіресе, пандемия жағдайында өзекті болып отырған онлайн-трансляцияларды өткізу мүмкіндігі іске қосылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтына және Президенттің Баспасөз қызметінің Facebook желісіндегі парақшасына сілтемелер сайттың негізгі бетінде көрсетілген.

"Сайттың техникалық сипаттамалары біршама жаңартылды. Атап айтқанда, платформа жаңартылып, веб-сайттың жылдамдығы артты, тұтынушылар үшін парақшаның ашылу уақыты қысқарды, сайттың ішкі компоненттері, деректер қоры және бағдарламалық кластерлер жұмысының ыңғайлы әрі жедел болуын қамтамасыз ететін заманауи бағдарламалық негіздер орнатылды.

Қауіпсіздік Кеңесінің жаңалықтары енді жаңа тарауда жарияланады. Сонымен қатар мұрағаттағы ақпараттарға да қол жеткізу тетігі жетілдірілді. Қазақстан Президентінің сайты соңғы рет 2015 жылы жаңартылған", - деп жазды Берік Уәли Facebook-те.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети