22 қыркүйек 2022 | 15:26

Қазақстан-Ресей шекарасында не болып жатыр?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:mgorod.kz Фото:mgorod.kz

Самара жақтан Қазақстан-Ресей шекарасында 200-250 көлікке дейін ұзын сонар кезек пайда болды. Бірақ шекарадан жаяу өтуге ниеттілер одан да көп. Бұл туралы қазақстандық "Мой город" порталы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Самара жақтан Қазақстан-Ресей шекарасында 200-250 көлікке дейін ұзын сонар кезек пайда болды. Бірақ шекарадан жаяу өтуге ниеттілер одан да көп. Бұл туралы қазақстандық "Мой город" порталы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірнеше шақырымға созылған көліктер тізбегі шекарадан әлдеқайда бұрын көрінеді.

"Маштаково" бекетінде кезек пайда болған. Ресейліктер елден жаппай кетіп жатыр. Көпшілігі журналистермен сөйлесуге ашық, бірақ аты-жөнін жасыруды сұрайды.

"Мобилизация жариялана салысымен заттарымды сөмкеге салып, досыммен кетіп қалдым. Әрине, еліміздің істеп жатқанымен келіспейміз. Соғысқа қарсы митингілердің бәріне дерлік бардым, соңғы рет мені алып кетіп, 12 сағат бойы адам шыдамайтын жағдайда бөлімшеде ұстады", - дейді Тольятти тұрғыны Дмитрий.

"Митингіге шыққан жоқпын, қорқамын, отбасым бар! Кеше мобилизация жарияланған кезде отбасымды қауіпсіз жерде қалдырып, салыстырмалы түрде қауіпсіз жерде, өзім Қазақстанға кеттім. Қазір елімізде бәрі салыстырмалы болып кетті", - деді самаралық Иван.

Біздің елде олардың таныстары жоқ. Жақын болғандықтан Оралды таңдаған. Мұнда не істейді - білмейді.

"Біз өмір сүруді қалаймыз, соғысуды емес... Жігіттер Тольяттидегі зауытта қалды. Сағат 20.00-ге  дейін бәріне шақырту қағазы келгенін жазды", - дейді олар.

Шекарашылар басылымға 21 қыркүйекте түстен кейін бәрі тыныш болғанын, ондай кезек болмағанын айтты. Кешке қарай көліктер келе бастаған.

"Қазір 200-250-дей көлік тұр, тағы қаншама адам жаяу өтуге ниетті", - дейді шекарашылар.

Бұл ретте Орал қонақүйлеріне келушілер көп. Қалада мұндай адам ағыны бұрын-соңды болмаған.

@mgorod.kz2022

♬ Stargazing - Official Sound Studio

"Кешеден бері онлайн брондап, былай да келіп жатыр. Бағаны өзгерткен жоқпыз, ол бекітілген", - деді Оралдағы қонақүйлердің бірінің әкімшісі.

Суреттер және видео: mgorod.kz.

Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресейде ішінара мобилизация жарияланды. Ресей билігі армияға 300 000 запастағы әскериді шақыруға ниетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети