13 сәуір 2017 12:17

Қазақстан Сирияның Идлиб қаласындағы оқиғаларға қатысты тиянақты және объектив тергеу жүргізеді - ҚР СІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ашық дереккөздерден алынған сурет Ашық дереккөздерден алынған сурет

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Сирияның Идлиб қаласында болған оқиғаларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Сирияның Идлиб қаласында болған оқиғаларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, сәуір айының басында Сирияның Хан-Шейхун қаласы Идлиб провинциясында төтенше жағдай болып, соңғы мәліметтерге қарағанда, 72 адам қаза тапқан. Олардың 20-сы - балалар. Тағы 160 адам зардап шеккен. Алдын ала мәлімет бойынша, бомбалау кезінде химиялық қару қолданылған.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қайрат Әбдірахманов 2017 жылдың 12 сәуірінде Манфред Грунд бастаған ГФР Бундестагының "Германия-Орталық Азия" парламенттік топ делегациясын қабылдады.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері, оның ішінде Сириядағы ахуалы, Орталық Азиядағы даму келешектері және ҚР БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты емес мүшелігі мәнмәтіндегі Ауғанстанға қолдау көрсету жөніндегі дүниежүзілік қауымдастықтың шаралары, "Жібек жолы экономикалық белдеуі" қытайлық бастамасын іске асыру барысы және халықаралық маңызы, қазақ-неміс сауда-экономикалық ынтымақтастығы, "ЭКСПО-2017" көрмесіне Германияның қатысуы, ҚР азаматтары үшін Шенген елдеріне бару үшін визалық тәртіпті жеңілдету, ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімнің ратификациялауы бойынша мәселелерді талқылады.


© ҚР СІМ баспасөз қызметі

Сондай-ақ, СІМ басшысы Қазақстанның барлық мүдделі тараптардың қатысуымен, БҰҰ және Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым қолдауымен Сирияда химиялық қаруды қолдануы мүмкін фактісіне қатысты объективті, жан-жақты және тиянақты тергеу жүргізетінін атап өтті. Сонымен қатар, министр Қазақстан Сирияда тұрақты бітімге жету мақсатында Астана келіссөздер процесін жалғастыру үшін әрі қарай платформаны қамтамасыз етуге дайын екенін атады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети