11 наурыз 2016 20:04

Қазақстан СІМ Қытай елшісінің виза режиміне қатысты сынына жауап қатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэя © russian.people.com.cn ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэя © russian.people.com.cn

ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Қытай халық республикасының елгісі Чжан Ханьхуэяның Қазақстанның виза режиміне қатысты айтқан сынына жауап қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Қытай халық республикасының елгісі Чжан Ханьхуэяның Қазақстанның виза режиміне қатысты айтқан сынына жауап қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 "(...) Қазақстандық БАҚ-та жарық көрген Қытай Халық Республикасының Елшісі Чжан Ханьхуэй мырзаның біраз бір мағыналы емес пікірлері ҚР Сыртқы істер министрлігін таңдандырды. (...) Осыған орай, бұндай пікірлер қазақстандық көпшіліктің күмәнін туғызуы мүмкін деген оймен түсініктеме беру қажет деп шештік. Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының визалық саладағы тәсілдемелері ашықтық, өзара түсіністік және шетел азаматтарының кіруге, шығуға және болуға рұқсат етілетін қағидатын қолдана отырып, мемлекеттің ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету қағидаттарымен жазылған. Барлық осы ұсыныстар ұлттық заңнамада және Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттері арасында қол қойылған халықаралық құжаттарда көрсетілген", - деп хабарлады Қазақстан СІМ баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының визаларын берудің қазіргі ережелеріне сәйкес, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті вербалды нота негізінде қазақстандық виза иелеріне оның аумағында 1 жыл ішінде 90 күн болуға рұқсат беретін Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Елшілігі, Бас консулдығы мен консулдығы қызметкерлерінің туыстарына "G1" санатындағы үш мәртелі виза ресімдегені айтылады.

"Қазақстан мен Қытай арасында қалыптасқан достық байланыстарды, сондай-ақ ҚР-дағы ҚХР Елшілігінің дипламаттарының туыстары ҚР-на сапар жасау үшін қолайлы жағдайлар құру мүмкіндігін қарастыру туралы өтінішін және өзара сенімділік пен өзара түсіністікті нығайтуды ескере отырып,  осы тұлғалар санатына консулдық алымсыз Қазақстанда әрбір кіруде 90 күнге дейін болу құқығын беретін "В2" қызметтік визаларын ресімдеу туралы шешім қабылданды (ҚР Салық кодексі, 553 б.). Қазақстанда мейлінше ұзақ болуы үшін қытайлық дипломаттардың туыстары әлемнің басым елдерінде секілді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ҚХР дипломатиялық немесе қызметтік паспорттар бар болған жағдайда берілетін, елшілік немесе консулдық қызметкерінің отбасы мүшесінің аккредитациясын алуы тиіс. Бұл ретте дипломатиялық өкілдіктің  қызметкері отбасы мүшесінің аккредитациясының мерзімі өкілдік қызметкерінің өз аккредитация мерзімінен аспауы тиіс", - делінген хабарламада. 

"Сонымен қатар, Қытайда аккредиттелген қазақстандық дипломаттар мен қызметкерлердің туыстарына әрбір кіруде 30 күн мерзімінде қысқа мерзімді «S2» визасы берілетініне назар аударамыз (Қазақстанның ресімдеп жатқан визасымен салыстырғанда болу мерзімі үш есе төмен). Визаны ҚХР-дағы ҚР-ның шетелдегі мекемелерінің қызметкерлері жергілікті көші-қон органында ҚХР СІМ қатысуынсыз өз бетімен бар жоғы 30 күнге дейін ұзарта алады. Қазақстандық тарапы осындай өзара түсіністік негізіндегі  нұсқаны қытайлық елшілік пен консулдықтың туыстары үшін талқылауға дайын", - сыртқы саясат ведомствосының өкілдері.

Сонымен қатар, Қытайдың қазақстандықтарға виза беруді шектегені белгілі болып отыр.

"Қазақстан тарапымен қабылданып жатқан оң қадамдарға қарамастан Қытай тарапы 2016 жылғы 1 ақпанда қазақстандық азаматтары үшін жеке туристік (туристік топ 5 немесе одан көп адамнан құралуы тиіс) және іскерлік визаларды ресімдеуде шектеулерді  бір жақты енгізген болатын.  Біз ҚХР Елшілігіне осы жаңа ережені түсіндіру жөніндегі өтінішпен сұрату жолдап, Қытай тарапынан жауап күтудеміз", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ведомство өкілдері мемлекетаралық қатынастардың басқа да салаларындағы сияқты консулдық қатынастарда да қытайлық әріптестерімен өзара түсінікті және үйлесімді диалогты нығайтуға сенім білдіретінін атап өтті. Қытай Қазақстан үшін достас стратегиялық әріптесі және еліміздің экономикасының ірі инвесторларының бірі болып табылады. Екі мемлекеттің жан-жақты стратегиялық әріптестігінің шеңберінде экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастық белсенді түрде дамып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети