24 мамыр 2016 12:29

Қазақстан трассаларында 1 маусымнан бастап жүк көліктері азаяды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Jr1.ru © Jr1.ru

1 маусымнан бастап Қазақстан трассаларында жүк көліктері азаяды, - деп хабарлайды Kolesa.kz.


1 маусымнан бастап Қазақстан трассаларында жүк көліктері азаяды, - деп хабарлайды Kolesa.kz.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің мәліметінше, 1 маусымнан бастап ауа температурасы 25 градустан жоғары болған жағдайда сегіз тоннадан жоғары жүк тиелген көліктердің қозғалысы шектеледі. 

Шектеу Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған аумағы), Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарына биыл 1 маусымынан 31 тамызына дейін, 11.00 - 21.00 аралығында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды аумағы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына тиісті жылдың 1 маусымынан 15 тамызына дейін сағат 10.00 - 22.00 аралығында енгізілді.

Ведомствоның мәліметінше, жол қозғалысына шектеу енгізуге жазғы кезеңде ауа температурасының көтерілуіне және күн сәулелерінің тікелей әсеріне байланысты жол төсемесі тұтқырлық қасиетін жоғалтуы себеп.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети