Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Қазақстан Украинадағы ахуалды бейбіт түрде реттеуге шақырды

03 Наурыз 2014, 14:26
1
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ғимараты. ©Марат Әбілов
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ғимараты. ©Марат Әбілов
Қазақстан барлық қатысушы тарапты Украинадағы ахуалды реттеуде күш қолдану амалдарынан бас тартуға шақырды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазақстан Украинадағы ахуалдың дамуына байланысты терең алаңдаушылық білдіреді. Шиеленістің одан арғы эскалациясы аймақтық ауқымда да, ғаламдық ауқымда да адам айтқысыз салдарларға соқтыруы мүмкін. Қазақстан барлық қатысушы тарапты жағдайды реттеуде күш амалдарынан бас тартуға және қалыптасқан мәселені келіссөздер жолымен шешу мақсатында саяси шараларды көбірек қолға алуға шақырады. Бұл шешім халықаралық құқықтың негізгі қағидаларына сүйенуі керек", - деді Үсенов.

ҚР Сыртқы істер министрлігі барлық мүдделі тарапты жағдайды таразылап барып, объективті түрде және жауапкершілікті сезіне отырып бағалауға және украин дағдарысының одан әрі ушығуына әсер ететін әрекеттерден аулақ болуға шақырады. "Қазақстан ахуалдың жылдам қалыпқа келетініне, барлық саяси күштердің бейбіт диалогы болатынына және қоғамдық тәртіптің реттелетініне үміт артады", - деп атап өтті ресми өкіл.

Еске салайық, 1 наурыз күні Ресейдің Федерация кеңесі Владимир Путиннің Украинаға елде қоғамдық-саяси ахуал қалыпқа келгенше әскер кіргізу туралы бастамасын бірауыздан мақұлдаған болатын. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен Украина парламенті Ресей Президентін бұл әрекеттен бас тартуға шақырды. Әлемдік қауымдастықтың өзге де өкілдері саяси дағдарысты бейбіт жолмен шешуді ұсынып отыр.



Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай