15 маусым 2021 12:52

Қазақстан Ұлттық қорында қанша ақша бар?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Ұлттық қорының активтері қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Ұлттық қорының активтері қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бюджет процесінің маңызды құрамдас бөлігі - Ұлттық қор. Оның активтері биыл 1 маусымда 27,6 триллион теңге, оның ішінде валюта портфелі - 58,5 миллиард доллар болды. Айта кетейін, 2020 жылдың қорытындысы бойынша, Ұлттық қор 744 миллиард теңгеге өсті", - деді Ерұлан Жамаубаев халыққа есеп беру кездесуінде.

Қаржы министрлігінің басшысы ведомство қорды жинақтау функциясын күшейтуге бағытталған жұмысты жүйелі негізде жүргізіп жатқанын атап өтті. Мысалы, Бюджет кодексіне Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін кезең-кезеңімен қысқарту және контрциклдық бюджеттік ережені қолдану бойынша түзетулер енгізілді.

"Бұл шаралар Ұлттық қор активтерінің жинақталуына және мұнайлық емес тапшылықтың біртіндеп төмендеуіне ықпал етеді", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Ұлттық қорды құрудың мақсаттары: елдің тұрақты әлеуметтік экономикалық дамуын қамтамасыз ету; болашақ ұрпақ үшін қаражат жинақтау; экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділікті төмендету; республикалық және жергілікті бюджеттердің әлемдік бағалар конъюнктурасына тәуелділігінің төмендеуі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети