1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап 104 оқушы коронавирус жұқтырған30 қыркүйек 2020, 09:42

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап 104 оқушы коронавирус жұқтырған, оның 33-і кезекші сыныптарға барған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оқу жылының басынан бері оқушылар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 104 жағдайы тіркелді, оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 33 жағдай, 550 байланыста болғандар арасында анықталды. Қашықтан оқитын балалар арасында 71 жағдай анықталды,", - деді Цой Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, министр офлайн режимде 100 пайыз білім алған жағдайда байланыста болғандар саны кем дегенде 1500 адамға дейін өсіп, оқушылар, мектеп қызметкерлері және отбасы мүшелері арасында науқастар саны өсуіне әкелетінін атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!