09 желтоқсан 2021 08:58

Қазақстанда 128 мыңнан аса бала коронавирусқа қарсы екпе салдырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда 128 174 бала коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салдырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда 128 174 бала коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салдырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде Comirnaty (Pfizer) вакцинасын 128 174 жасөспірім және 31 747 жүкті және бала емізетін әйел салдырды. Екінші компонентті 5 592 адам алды", - деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Сондай-ақ, Республикада сауыққан адамдар саны ауырған адамдар санынан басым. Мәселен, қарашада қазанмен салыстырғанда сауыққан адамдар саны ауырған адамдар санынан 1,6 есе көп болған.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметі бойынша, емдеуді жалғастырушылар саны азайғанына байланысты оң динамика байқалады, соңғы үш айда науқастар саны 3,7 есе азайған (84 268 науқастан 22 353 науқасқа дейін).

"1-компонентті 8,8 миллионнан аса адам алған. Егілуге тиісті ересек халықты қамту 77,5 пайызға жетті, егілуге тиісті ересек тұрғындардың 72,5 пайызын қамти отырып, екінші компонентпен 8,2 миллионнан аса адам егілді", - делінген хабарламада.

Қазақстан халқын бірінші компонентпен қамту 47,2 пайыз, екінші компонентпен қамту 43,3 пайыз болды. Сонымен қатар, инфекциялық төсектердің қамтылуы 24 пайыз, реанимациялық төсектер - 21 пайыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети