04 шілде 2018 17:52

Қазақстанда 15 жыл бойы зейнетақы алған ресейлік зейнеткер қатаң жазаламауын сұрайды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ng.kz © ng.kz

Қазақстанда 15 жыл заңсыз зейнетақы алған ресейлік 73 жастағы әйел оған қатаң жаза тағайындамауын сұрайды, - деп хабарлайды "Наша газета".


Қазақстанда 15 жыл заңсыз зейнетақы алған ресейлік 73 жастағы әйел оған қатаң жаза тағайындамауын сұрайды, - деп хабарлайды "Наша газета".

Қаралған істегі мағлұматтар бойынша, Лидия Григоьевна (тегі туысқандарының сұрауы бойынша көрсетілмеген - авт. ескертуі) Челябі облысы Троийкіде тіркелген. 2000 жылдан бері сонда зейнетақы қорында есепте тұр. Алайда ол Қызылордада тұрған және тіркелген, әлі күнге дейін осында тұрады. 2003 жылы ол  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, зейнеткерлік жасқа жеткен кезде "ТМД-ның басқа өңірлерінде зейнетақы қорым жоқ" деп, бұрынғы Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа зейнетақы алу туралы өтініш жазған. 

Әйел 15 жыл бойы 2 елден 2018 жылдың сәуіріне дейін зейнетақы алып отырған. Ал алаяқтық фактісі анықталған кезде төлемдер тоқтатылды. Осы уақыт ішінде Лидия Григорьевна заңсыз 4 миллион теңге алған. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінде ("Алаяқтық") айыпталды.

Зейнеткер заңсыз жұмыс істегенін мойындай отырып, прокурормен іс жүргізу туралы келісім жасасқысы келеді. Яғни, сот процесін тезірек аяқтау және жеңіл жаза алу үшін.  Оның адвокаты Сергей Бзиков сотталушы барлық айғақпен келісетінін және өкінетінін айтты, бірақ процессуалдық келісімнің қорытындысында әйел өтініші бас тартылды.

Лидия Григорьевна 3 960 000 теңге айыппұлдың 510 000 теңгесін өтеді. Судья сотты қысқартылған тәртіпте өткізу туралы шешім қабылдады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети