21 наурыз 2021 17:26

Қазақстанда 22 наурызда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 22 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер 22 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" мәліметінше, мейрам күні кей жерлерде тұман, көктайғақ болса, оңтүстік-батыста найзағай болады. 

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел жылдамдығы секундына 15-23 метр болады, ал Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қостанай облысында күндіз кей жерлерде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай болуы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде кей жерлерде көктайғақ болады.

Алматыда ауа температурасы 11 градусқа дейін жылынады, бірақ күн бұлтты болады.

Нұр-Сұлтанда да ауа райы бұлтты, ауа температурасы -2 градус аяз болады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети