Қазақстанда “Әділет“ партиясы тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда “Әділет“ партиясы тіркелді Партияның баспасөз қызметінің фотосы

Әділет министрлігі "Әділет" партиясын тіркеді, деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі саяси бірлестікке сілтеме жасап.


Әділет министрлігі "Әділет" партиясын тіркеді, деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі саяси бірлестікке сілтеме жасап.

Мемлекеттік тіркеу Қазақстан заңнамасына сәйкес 2026 жылғы 1 маусымда өтті.

Хабарламада "Әділет" партиясының әртүрлі сала өкілдерін: еңбек адамдарын, мұнай қызметі және тау-кен металлургия саласының қызметкерлерін, шахтерлерді, спорт, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, кәсіпкерлік, IT-сектор, заңтану және креативті индустрия өкілдерін біріктіретіні айтылған.

Партия баспасөз қызметінің фотосы

Партия өкілдері заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайту, тиімді институттарды дамыту, өңірлерді қолдау, цифрландыру, адами капиталды дамыту және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруды өз басымдықтары ретінде атап өтті.

Жақын арада "Әділет" ұйымдастырушылық құрылымды қалыптастырумен және өңірлердегі жұмыстармен айналысуды жоспарлап отыр.

Партия төрағасы Айбек Дәдебай арнайы үндеу жасады.

"Біз қоғамда әділдікке сұраныс бар екенін көріп отырмыз. Сондықтан партиямыздың қызметі бес негізгі құндылыққа: әділдік, патриотизм, жауапкершілік, еңбекқорлық және прогреске негізделген", - деді ол.

Сондай-ақ ол партия мемлекеттік институттарды, экономиканы, өңірлерді, білім беруді, заманауи технологияларды және құқықтық мәдениетті дамытуға баса назар аударатынын мәлімдеді.

Ақорда фотосы

Дәдебай қоғам белсенділерін, кәсіподақтарды, бизнес өкілдерін, сарапшыларды, ғалымдарды, еріктілерді, мәдениет қайраткерлерін, жастарды және басқа да белсенді азаматтарды бірігуге шақырды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 488.96   567.34   6.86 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +32
Астана +25
Ақтау +22
Ақтөбе +15
Атырау +20
Б
Балқаш +34
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +23
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +35
П
Павлодар +22
Петропавл +35
С
Семей +37
Т
Талдықорған +30
Тараз +36
Түркістан +15
О
Орал +31
Ө
Өскемен +34
Ш
Шымкент +35

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер