21 қыркүйек 2016 09:06

Қазақстанда әкімшілік айыппұлдар сомасын қысқарту қаралады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© motor.kz © motor.kz

Қазақстанда әкімшілік айыппұлдар сомасын қысқарту қаралады. Сәйкесінше, "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы ҚР Парламенті қарауына енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстанда әкімшілік айыппұлдар сомасын қысқарту қаралады. Сәйкесінше, "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы ҚР Парламенті қарауына енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап. 

Шара барысында  ҚР әкімшілік  заңнамасын дамыту мәселесі талқыланды. Атап айтсақ, әкімшілік айыппұлды төмендету бойынша әкімшілік - дилекттік заңнаманы гуманизациялау, қысқартылған өндірісті қолдану аясын кеңейту, субъекттердің  тізімін көбейту болып саналады.

Алғаш рет құқық бұзғаны және оның деңгейі ауыр болмаған жағдайда қолданылатын шара ретінде ескертуді тәжірибеге енгізу қарастырылып отыр. Қазірдің өзінде шамамен заң бұзушылықтардың 30 пайызы бойынша ескерту қолдану тәжірибесін кеңейту бойынша уағдастыққа қол жеткізілген.

Әкімшілік құқық бұзушылықты қарайтын соттар мен органдар үшін жеңілдетуге негіз болған жағдайда айыппұлдардың көлемін 30 пайызға дейін төмендету шарасын қабылдауға мүмкіндік беру мәселесі қаралуда.

Мемлекеттік органдармен де талқыланатын мәселелер баршылық. Олардың басым бөлігі  айыппұлдарды төмендетуге қатысты. Бұл ретте төмендетілетін айыппұлдардың көпшілігі ІІМ органдары желісіндегі жол полициясына қатысы бар. Бұл кодекстегі барынша талқыланып жатқан әрі адамдардың қызығушылығын тудырған мәселелердің бірі.

Әзірлеушілер заң жобасын  ҚР Парламентіне 2017 жылы енгізбек. Айта кетерлігі, шараға  Парламент депутаттары,  Жоғарғы сот өкілдері, Бас прокуратура, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес  ұйымдар және БАҚ өкілдері қатыспақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети