12 қаңтар 2022 11:26

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктер 13, 14 және 15 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" РМК синоптиктер 13, 14 және 15 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандар мәліметінше, биылғы қыс салыстырмалы түрде жылы.

"Синоптика процестері тез өзгеріп, бірде аяз, бірде жылы болып тұр. Қазірдің өзінде тағы бір антициклон, ел аумағынан шығып, аяз бәсеңдеді. Ал батыстан циклон тез қозғалып келеді. Ол еліміз арқылы жылжып, 15 қаңтарда Қазақстанның барлық облысын қамтиды", - делінген хабарламада.

Метеорологтардың айтуынша, циклон әсерінен жаңбыр мен қар, жел және көктайғақ болады деп болжанған.

"Ал термометр бағандары тез көтеріледі, тіпті солтүстік аймақтарда күндізгі уақытта 0-5 градус аяз болады деп күтіледі", - деді мамандар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети