Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады? 25 қараша 2022, 12:02

Синоптиктер 26-28 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Синоптиктер 26-28 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтар мәліметінше, демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік антициклон әсер етеді, соған байланысты республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығы мен шығысында ауа температурасы төмендейді және жауын-шашын тоқтайды деп күтіледі.

Атмосфералық фронттарға байланысты 26 қарашада шығыста, 26-28 қарашада республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы күтіледі, қар түріндегі жауын-шашын болады, 26 қарашада шығыста, 26-27 қарашада оңтүстік-шығыста – қалың қар жауады.

"Республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұман күтіледі, жел секундына 15-28 метр күшейеді, шығыста бұрқасын, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады. Түнде ауа температурасы төмендейді: батыста 5-15 градус аяз, 26-27 қарашада солтүстік-батыста 20-30 градус аязға дейін, солтүстікте 23-36 градус аязға дейін, орталықта 17-34 градус аязға дейін, 27-28 қарашада шығыста 27-38 градус аязға дейін, 27-28 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 5-15 градусқа дейін, таулы жерлерде 15-20 градус аязға дейін", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram