05 мамыр 2015 11:18

Қазақстанда алимент төлемей жүргендердің суреті Интернетте жарияланатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kodexrf.com © kodexrf.com

Қазақстанда алимент төлемей жүргендердің суреті Интернетте жарияланатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда алимент төлемей жүргендердің суреті Интернетте жарияланатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, алимент төлемей жүргендердің суретін жариялайтын "Оларды балалары іздейді" атты ақпараттық сервис (порталдың мекен-жайы: service.pravstat.kz) құрылды. Мамандардың мәлімттеріне қарағанда, 2015 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, алиментті қасақана төлемеуші 399 адам есепке қойылған.

"Әдетте борышкерлердің басым бөлігінің алимент төлеуге мүмкіндіктері жеткілікті болады, алайда әртүрлі себептермен орындалмай жатады. Жекелеген жағдайларда олар өз жұмыс орны мен табысы туралы мәліметті қасақана жасырып қана қоймай, уәкілетті органдардан өздері де жасырынып жүреді", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Олардың айтуынша, ең алдымен бұл сервис өндіріп алушыларға борышкердің іздеуде жүргеніне көз жеткізуге, сонымен қатар жұмыс берушілер, қызметтестер және өзге осы мәселеге бейжай қарамайтын азаматтар таныған жағдайда жасырынып жүрген борышкердің өмір сүру және жұмыс орны туралы сот орындаушыларына хабарлауларына мүмкіндік береді.

Айта кетейік, жыл сайын республикамыздың соттарында балаларын бағып-күтуге алимент өндіріп алу жөніндегі 35 мыңнан аса азаматтық іс қаралады. Соның салдарынан олардың кезеңдік сипатына қарай сот орындаушылардың өндірісіне жылма-жыл 200 мыңнан аса алимент өндіру туралы атқару құжаты келіп түседі. Бұл толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан осынша бала алимент алуға мұқтаж болып отыр дегенді білдіреді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда алимент төлемегендерді жүргізу куәлігінен уақытша айыру ұсынылған болатын. Бұл ұсынысты ҚР Парламент Сенатының депутаты Серік Ақылбай жасады. Оның пікірінше, көлік құралын мүгедектігі бойынша немесе жалғыз табыс көзі болған кезде басқаратын жағдайларда ғана бұл тыйым салынбауы керек, сонымен қатар алименттер бойынша үш айлық есеп көрсеткішінен аз болғанда ғана қолданылмауы тиіс.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети