17 мамыр 2017 21:52

Қазақстанда алимент төлемейтін әйелдер көбейіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 1tulatv.ru © 1tulatv.ru

Алимент төлемейтін әйелдердің қатары артып барады. Астанада өткен жылы 37 әйел баласына ақша аударудан бас тартса, биыл олардың саны 50-ге жеткен. Құлаққа түрпідей тиетін ақпаратты Астана қалалық әділет департаментінің мамандары айтты. Олар қалалық прокуратурамен бірлесіп, "Алиментке 30 қадам" пилоттық жобасын қолға алған. Бұл арқылы баласын бағудан безгендерді заңға тартпақ. Дәуренбек Бақдәулет мамандармен бірге рейдтік шараға қатысты. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

Тілшілердің мәліметінше, борышкерлер амалсыздан автокөлігін беруге мәжбүр. Тұраққа күніне кемінде 3-4 көлік келіп қосылады екен. Астанада қазір 13 мың борышкер болса, оның 4 мыңы алимент төлеуден қашып жүр. Оның 50-ден астамы жүрегі қатайып кеткен нәзік жандылар. Борышкерлер берешегі 1 миллиард 687 миллион теңгеге жуықтапты. Қазір 100-ге жуық адам әкімшілік жазаға тартылған. 

Сонымен қаатр, алимент төлеуден безгендердің алдымен банк карталары, жүргізуші куәліктері бұғатталады. Мұнан кейін мүліктеріне де тыйым салынып, алынуы мүмкін. Бұған да қарызын қайтармаса, 2 жылға бас бостандығынан айырып, қылмыстық іс қозғалады.

Сот орындаушылары болса, бұл әйел ме, еркек пе, баласын асыраудан безгендердің баршасының басына туатын күн дейді.

"Қазір бізде тек ер адамдар алимент төлемейді деп ойлайды. Алайда, балаларын отбасына тастап, өздері басқа отбасын құрып кетіп жатқан әйелдер де жеткілікті. Көптеген борышкерлер қазір ресми еш жерде жұмыс істемейді. Олардың алимент көлемі орта АЕК -тен есептеледі", - дейді Астана қаласы әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети