Қазақстанда америкалықтар мен еуропалықтар қанша баланы асырап алған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда америкалықтар мен еуропалықтар қанша баланы асырап алған? Фото:depositphotos.com

Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда шетелдіктер асырап алған балалар туралы деректерді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда шетелдіктер асырап алған балалар туралы деректерді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу тәртібі екі түрге бөлінгенін хабарлады:

  • Қазақстан азаматтарының асырап алуы;
  • шетел азаматтарының асырап алуы.

Бала асырап алу "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекс, сондай-ақ Қазақстанның басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

"1999-2011 жылдар аралығында шетел азаматтары 8 805 баланы асырап алса, 2013-2023 жылдар аралығында 158 бала асырауға берілген", - деп хабарлады министрлік.

Ведомство мәліметінше, 2013 жылға дейін шетелдіктер асырап алған балаларды бақылау тек Сыртқы істер министрлігіне жүктелген.

"Көбінесе қазақстандық балаларды Еуропа: Испания, Ұлыбритания, Германия, Италия, Австрия, сондай-ақ АҚШ, Канада және басқа елдердің азаматтары асырап алған", - деді Оқу-ағарту министрлігі өкілдері.

Бүгінде 5217 асырап алынған қазақстандық кәмелет жасқа толғаны белгілі. Министрлікте қайтыс болған балалар туралы мәлімет жоқ.

Сондай-ақ, заңға сәйкес, баланы туыстары, елде және одан тыс жерлерде тұратын Қазақстан азаматтары асырап ала алмайтын жағдайда ғана шетелдіктер асырауына берілуі мүмкін екені айтылды.

Салыстыру үшін: 2023 жылы қазақстандықтар 226 баланы асырап алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   560.54   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +23
Ақтау +24
Ақтөбе +19
Атырау +23
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +22
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +19
П
Павлодар +20
Петропавл +20
С
Семей +20
Т
Талдықорған +21
Тараз +24
Түркістан +20
О
Орал +20
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер