17 тамыз 2023 12:49

Қазақстанда атом электр станциясы қай жерде салынады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үлкен ауылы. Фото © Tengrinews.kz Үлкен ауылы. Фото © Tengrinews.kz

Атом электр станциясы Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылының аумағында салынатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атом электр станциясы Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылының аумағында салынатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, Президенттің Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерделеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында реакторлық технологияларды таңдау бойынша бұрын жүргізілген зерттеулерді өзектендіру, атом электр станциясының қуаты мен құрылыс ауданын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілген.

Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша атом электр станциясы құрылысының ең қолайлы ауданы ретінде Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылының аумағы таңдалды.

Елдегі алғашқы атом электр станциясы үшін ұқсас станцияны салу және сәтті пайдалану тәжірибесінде тексерілген технологияны таңдау ұсынылады. Осыған байланысты ядролық технологиялардың мынадай әлеуетті жеткізушілерінен тұратын "шорт-тізім" жасалды:

  • HPR-1000 қытайлық CNNC компаниясы;
  • APR-1400 реакторы бар корей KHNP компаниясы;
  • ВВЭР-1200 және ВВЭР-1000 реакторлары бар Ресей Росатом компаниясы;
  • EPR-1200 реакторы бар француз EDF компаниясы.

Зерттеу нәтижелері 2022 жылғы мамырда атом саласын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды және мақұлданған.

"Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес ядролық қондырғыларды салу және салу ауданы туралы шешімді аумағында қондырғы салу жоспарланып отырған жергілікті өкілді органдардың келісімімен Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды. Бұл ретте мәслихат жергілікті өкілді орган.

Осыған байланысты, 2022 жылғы қарашада Алматы облысы мәслихатының кезекті сессиясында аудан тұрғындарын қолдау шартымен құрылысқа келісім беру туралы шешім қабылданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети