Қазақстанда Ауғанстаннан алынатын газдалған сусын тексерілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: 24.kg / Ош мэриясының баспасөз қызметі Фото: 24.kg / Ош мэриясының баспасөз қызметі

Ауғанстанда жасалған, Қырғызстанда тыйым салынған "Золотая жизнь" газдалған анар сусыны Қазақстанда тексерістен өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ауғанстанда жасалған, Қырғызстанда тыйым салынған "Золотая жизнь" газдалған анар сусыны Қазақстанда тексерістен өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жақында Бішкекте газдалған "Золотая жизнь" сусынының ірі көлемі сатылымнан алынғаны белгілі болды.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәліметінше, олар Royal, Paradise, Mani, Pure, "Золотая жизнь" алкогольсіз газдалған сусындарға санитарлық тексеру жүргізген.

"Газдалған сусындарды таңбалау Кеден одағының "тамақ өнімдерін таңбалау бөлігіндегі" техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды", - деп хабарлады комитет Tengrinews.kz ресми сауалына жауап ретінде.

Қазақстандық мамандар сусындар "құрамында бояғыш (азорубин Е122) бар" деген ескерту жазуы жоқ екенін анықтады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, бұл зат балалардың белсенділігі мен назарына теріс әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар, қаптамада сусындардың құрамы мен тағамдық құндылығы, сондай-ақ жасалған күні мен жарамдылық мерзімі көрсетілмеген.

"Сондай-ақ, аталған сусындарға сәйкестік туралы декларациялар жоқ екені анықталды, бұл дайындаушының (импорттаушының) Кеден одағы техникалық регламенттерінің міндетті талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімдерінен өтпегенін көрсетеді", - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігі.

Ішкі нарықты қорғау мақсатында комитет тексеру нәтижелері туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасына хабарлаған. Ол, өз кезегінде, сауда кәсіпорындарына рұқсат құжаттарынсыз аталған өнімді сатып алмауды ескертуі керек. "Золотая жизнь" сусынын және басқаларын сатуға әлі ресми тыйым жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.9  course up  579.38  course up  6.4  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer