17 қыркүйек 2019 11:21

Қазақстанда ауылды жерлерде 115 мың адам жұмыспен қамтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© media-astana.kz © media-astana.kz

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 270,8 мың жаңа жұмыс орны құрылды, яғни жылдық жоспардың 72,6 пайызы (373 мың), оның ішінде ауылдық жерлерде 115,2 мың адам жұмыспен қамтылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жалпы құрылған жұмыс орындарының 182,5 мыңы - тұрақты жұмыс, 88,3 мыңы - уақытша жұмыс орындары.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша құрылған жұмыс орындарының ең көп саны көтерме-бөлшек сауда саласына тиесілі - 32 мың, құрылыста 30 мың, ауыл, орман және балық шаруашылығында - 24,8 мың.

Жұмыс орындарының ең көп саны Алматы қаласында (33,6 мың), Алматы (27,9 мың) және Маңғыстау (22 мың) облыстарында құрылды.

Ең аз мөлшері Қызылорда (8,7 мың), Батыс Қазақстан (9,8 мың) және Ақмола (9,4 мың) облыстарында құрылды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети