Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда автокөліктер саны 4 миллионнан асты 13 наурыз 2015, 17:18

Биылғы қаңтар айында ел азаматтары автокөлікті өткен жылдың алғашқы айына қарағанда 51,7 пайызға көп сатып алды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

©РИА Новости ©РИА Новости

Қаңтар айында қазақстандықтар 63,5 мыңнан астам автокөлік сатып алды. Бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 51,7 пайызға көп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

2015 жылдың 1 ақпанындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 4 миллионнан астам автокөлік тіркелген. Комитеттің мәліметінше, қаңтар айында ең көп көлік сатып алған аймақ - Жамбыл облысы (8 397 дана), Алматы (7 950 дана) және Алматы облысы (7 195 дана). Ал Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары өзгелермен салыстырғанда көлікті ең аз сатып алған аймақтар. 

Астанада 2015 жылдың бірінші айында 4 473 автомобиль тіркелген. Қазақстандықтар негізінде 1995 жылдан бергі көліктерді сатып алған екен (24 729 дана). 

Еске сала кетейік, 2014 жылдың қараша-желтоқсан айларынан 2015 жылдың қаңтар айының басына дейін Қазақстанда 22 мың 115 автокөлік құралы рәсімделген. ІІД мәліметінше, бұл кезеңде Астанаға 3 мыңға жуық автокөлік әкелінген.


Join Telegram