Қазақстанда балаға берілетін жәрдемақыға жаңа норма енгізу ұсынылды

12 Наурыз, 16:00
0
© pexels.com
© pexels.com

2020 жылдан бастап баланың анасы жұмысқа шыққысы келген жағдайда оған бала күтіміне берілетін жәрдемақы әрі қарай да берілуі мүмкін. Мұндай ұсынысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік Мәжіліс барысында "Міндетті әлеуметтік сақтандыру" туралы заңнаманың жаңа нұсқасын таныстырды.

"Жаңа туған сәбилер мен олардың ата-аналарын қамтамасыз ету мақсатында бала бір жасқа толғанға дейін ата-анасы жұмысқа шықса немесе кәсіпкерлікпен айналысса да оларға әлеуметтік жәрдемақыны төлеуді жалғастыра беру ұсынылады", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.

Әр елде бала туғанда берілетін жәрдемақы қандай

Оның айтуынша, мемлекеттік қордан бөлінетін жәрдемақы мемлекеттік жәрдемақының мөлшеріне дейін төмендетіледі.

Сондай-ақ, Жақыпова 2020 жылы бала бір жасқа толғанға дейін берілетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бір бала үшін 15 050 теңге, екі балаға - 17 794 теңге, үш балаға - 20 512 теңге, ал төрт және одан да көп бала болған жағдайда 23 255 теңге болатынын айтты. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай