26 қараша 2014 14:17

Қазақстанда балалар үйінен бас тарту ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жетімдер үйінен бас тату ұсынылып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ұсынысты Үкіметке Парламенттің төменгі палатасының депутаты білдірді. Тұрсынбек Өмірзақов елімізде патронаттық тәрбиені дамыту қажет деп есептейді.


Қазақстанда жетімдер үйінен бас тату ұсынылып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ұсынысты Үкіметке Парламенттің төменгі палатасының депутаты білдірді. Тұрсынбек Өмірзақов елімізде патронаттық тәрбиені дамыту қажет деп есептейді.

"Біздің жүйені жетімдер үйінен патронат тәрбиге ауыстыру туралы мәселені қарастыруды сұраймыз",- деді Тұрсынбек Өмірзақов Үкімет басшысына жолдаған сауалында. 

Депуттатың мәлімдеуінше, жетімдер үйінен шыққан балалар басқа балаларға қарағанда құқықбұзушылыққа көп барады. Жетімдер үйінен шыққан ұл балалардың 60 пайызы бір жылға жетпей қылмыс жасайды, ал қыз балалардың 40 пайызы жезөкшелікпен айналысады. 

"Еліміздегі жетімдер үйі тиімді жұмыс жасай алмай отыр. Жетімдер үйі мүлдем жоқ елдерді мысалға алуға болады, айталық, Израильде халықтың менталитетіне сәйкес, балалар үйі жоқ. Ұлыбританияда да жетімдер үйі жоқ, оларда жетімдер отбасыларға беріледі", - дейді депутат. Бірақ оның ойынша мемлекеттің асырап алушылар мен қамқоршыларды қолдауы жеткіліксіз.

"Асырап алушы ата-аналар 35 мың теңге жалақы мен балаға қосымша 18 мың теңге  алады. 2015 жылдың қаңтарынан бастап, асырап алушыларға бірреттік 150 мың теңге көмек көрсетіле бастайды. Салыстырып көрейік: АҚШ-та бірреттік өтемақының мөлшері - 10 мың доллар. Сонымен қатар, ай сайын 900 доллар жәрдемақы төленеді. Испаниядағы бірреттік өтемақының мөлшері - 2,5 мың еуро. Ал Канадада ай сайын 800 доллар дотация беріледі", - дейді халықаралық тәжірибе туралы әңгімелеген Мәжіліс депутаты.

Депутат келтірген мәліметтер бойынша, Қазақстанда 2 мың бала патронат отбасыларда тұрып жатыр. Депутаттың айтуынша, көрсеткіштің мұншалықты төмен болуына жетімдер үйінің қызметкерлері кінәлі, олар бала асырап алуға кедергі болады. "Жетімдер үйіне балаларды асыраушыларға беру тиімсіз деген көзқарас бар. Біріншіден, жетімдер үйін қаржыландыруға байланысты, екінші себебі бұл жүйенің саудаға айналып кетуімен байланысты", - деп мәлімдеді депутат республиканың Бас прокуратурасына сілтеме жасап: екі жылда 450 бала кезекте тұрмаған отбасыларға асырауға берілген.

Ресми деректер бойынша, Қазақстанда 34 мың жетім және ата-ана қамқорлығынан айырылған бала бар. Жыл сайын 1,5 мың бала ата-анасы тірі бола тұра жетім қалады. Асыраушы отбасыларға солардың тек оннан бірі ғана табысталады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети