13 сәуір 2023 09:49

Қазақстанда баспанаға сұраныс қалай өзгерді?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұрар Қазанғапов/көрнекі сурет Тұрар Қазанғапов/көрнекі сурет

Жыл басынан бері Қазақстанда тұрғын үйлерге қатысты мәмілелер саны шамамен бірдей деңгейде болды. Наурызда қазақстандықтар жылжымайтын мүліктерін 24 273 рет сатып, сатып алды, бұл ақпанмен салыстырғанда 0,6 пайызға көп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі krisha.kz сайтына сілтеме жасап.


Жыл басынан бері Қазақстанда тұрғын үйлерге қатысты мәмілелер саны шамамен бірдей деңгейде болды. Наурызда қазақстандықтар жылжымайтын мүліктерін 24 273 рет сатып, сатып алды, бұл ақпанмен салыстырғанда 0,6 пайызға көп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ақпанмен салыстырғанда ең жоғары өсім СҚО-да (+26,8 пайыз), Жетісу (+26,4 пайыз) және Абай (+18,2 пайыз) облыстарында болған. Едәуір төмендеу - Ақтөбе облысында (-18,6 пайыз), Астанада (-12,9 пайыз) және Маңғыстау облысында (-11,1 пайыз).

Көп аймақта наурыздағы мәмілелер саны мыңнан аспады. Көшбасшылар қатарында үш қала және үш облыс бар:

  • Алматы - 4 392 мәміле;
  • Астана - 3 664;
  • Қарағанды облысы - 2 404;
  • Алматы облысы - 1 195;
  • Маңғыстау облысы - 1 480;
  • Шымкент - 1 051;

Наурызда Ұлытау (247), СҚО (449) және Қызылорда облысында (523) айтарлықтай аз мәміле рәсімделген.

24 273 операцияның 17 998-і пәтерлерге, 6 275-і жеке үйлерге (ЖТҚ) қатысты болды. Жыл басынан бері алғаш рет бөлмелер саны бойынша сатылымда екі бөлмелі пәтерлер көшбасшы болды. Сатудың негізгі үлесі Алматы мен Астанаға тиесілі. Үйлерге келетін болсақ, Алматы және Түркістан облыстарында көбірек мәміле жасалды.

Жылдық динамикаға қатысты (2023 жылдың наурызы мен 2022 жылдың наурызы) тұрғын үй мәмілелерінің саны 64,2 пайызға төмендеді. Яғни, былтырғы наурызда қазақстандықтар 67 801 мәміле жасасты. Теріс динамика Қазақстанның барлық өңірінде байқалды. Ең жоғары төмендеу - Қарағанды облысында (-79 пайыз), ең төменгісі - Алматыда (-39,3 пайыз).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети