14 қазан 2021 17:59

Қазақстанда байлығы күмәнді шенеуніктер тексеріледі

Қазақстанда байлығы күмәнді шенеуніктерді тексеретін заң әзірленіп жатыр. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Марат Ахметжанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда байлығы күмәнді шенеуніктерді тексеретін заң әзірленіп жатыр. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Марат Ахметжанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл Президенттің тапсырмасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Оның ішінде революциялық жаңашылдықтың бірі - байып кеткені күдік келтіретіндерді тексеру. Заң жобасы Парламентке жіберілді. Шығыстардың кірістерден асып кетуі - қаржылық тексеруді немесе тергеуді бастау үшін белгі", - деді Ахметжанов агенттік брифингінде. 

Ол 2018 жылы Қазақстан қол қойған шоттар туралы ақпарат алмасу туралы халықаралық келісім шетелдегі активтерді анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Келесі қадам - сол активтерді қайтару. Биыл бізге жемқорлардың көлеңкелі кірістерін шетелдік шоттарға шығарумен күресу үшін тиімді негіз болатын еуропалық конвенцияларға қосылу көмектеседі. Мұндай шаралар мемлекеттік қызметке баю мақсатында келудің алдын алады", - деді Ахметжанов. 

Ол Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік барынша қатаңдатылғанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети