30 наурыз 2021 17:00

Қазақстанда бензин қаншалықты қымбаттады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өткен айда АИ-92 бензинінің бағасы қалай өзгергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өткен айда АИ-92 бензинінің бағасы қалай өзгергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Деректер 2021 жылы наурыздың басында және соңында болған бағаларды салыстыру арқылы ұсынылған. Бұл өңірлер мен Республикалық маңызы бар қалалардағы орташа көрсеткіштер.

АИ-92 бензині еліміздегі барлық өңірінде қымбаттады. Нұр-Сұлтанда бензин 5-9 теңгеге, Шымкентте 5-10 теңгеге қымбаттаған. Алматыда орташа баға литріне 150-153 теңгеден 159 теңгеге дейін көтерілді.

АИ-92 маркалы бензинінің ең қымбат бағасы Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген. Онда орташа баға литріне 163 теңге. Бензиннің ең төменгі бағасы Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады, онда АИ-92 жанармайының бір литрі жүргізушілерге 152 теңгеге сатылады.

Айта кетейік, бензин 29-30 наурызда Нұр-Сұлтанның бірнеше жанармай бекетінде қымбаттаған болатын.

Энергетика министрлігі жанармай нарығындағы жағдайға түсініктеме берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети