29 мамыр 2020 14:52

Қазақстанда блокбекеттер қашан алынатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Алихан Сариев Сурет: Алихан Сариев

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов Қазақстан қалалары арасындағы блокбекеттер қашан алынатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов Қазақстан қалалары арасындағы блокбекеттер қашан алынатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ведомствоаралық комиссияның 1 маусымнан бастап қалалар арасындағы блокбекеттерді алып тастау туралы шешіміне сәйкес 5 маусымнан бастап тасымалдауды қайта бастау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жолаушыларды автобустармен тасымалдау кезіндегі тиісті жұмыс алгоритмі бас санитар дәрігердің 2020 жылғы 10 мамырдағы қаулысының талаптарын ескере отырып әзірленген, енді маршруттың соңғы пункттерінде автобустарға дезинфекция жүргізілуі тиіс, ал жолаушыларға тек маскамен кіруге рұқсат беріледі", - деді Жәнібек Тайжанов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, әкімдіктер тасымалдау процесіне қатысушылардың алгоритмді сақтауын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети